{metadescription}
Дариға Назарбаева шектен шыққан дәріханалардың лицензиясын қайтаруды талап етті
Дариға Назарбаева шектен шыққан дәріханалардың лицензиясын қайтаруды талап етті

Дариға Назарбаева шектен шыққан дәріханалардың лицензиясын қайтаруды талап етті

Дариға Назарбаева дәріханаларды шағын және орта бизнестің тізімінен алып тастауды ұсынды. Сонда оларды  кез-келген уақытта тексеруге болады. Қазір қатаң  бақылаудың жоқтығынан  фармацевтер жасөспірімдерге есірткіге балама препараттарды емін-еркін сатып жүр дейді сенатор.  

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты: 

-Қазақстандық дәріханаларда адамды тәуелді қылып қоятын препараттар еркін сатылуда. Олар – кәдімгі есірткінің баламасы. Соның бірі «трамадол». Оны көбіне 14-18 жастағы жасөспірімдер алады. Ал дәріханалар шағын және орта бизнеске жататындықтан, оны тексеру мүмкін емес.

Дариға Назарбаева айтып отырған «трамадол» адамды масайтады. Жиі қабылдаған адам оған тәуелді болып қалады. Ми мен бауырға зиян. Негізі, бұл препарат дәрігердің кеңесімен ғана сатылуы керек. Ал біздің фармацевтер оны  кез-келген адамға  ұстатып жібереді екен. Сондықтан, сенатор мұндай препараттарды сатқан дәріхана басшыларын қатаң жауапқа тартуды ұсынды. Тіпті олардың лицензиясын тартып алып, жұмысын тоқтату керек дейді депутат. Айта кетейік, Украина мен Беларусьта «трамадол» есірткі заттарының тізіміне кірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде