"Қазпошта" бірнеше сағатқа жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды
Оқыс оқиға Өскеменде болды. Тіпті қызметкерлер мен келушілерді далаға шығаруға тура келді. Сөйтсе бұл дүрмек күдікті пакеттің кесірінен туындаған екен. Белгісіз біреу, қараусыз тұрған целлофан дорбаның ішінде «бомба» бар деп қорқып, дереу құзырлы орынға хабар берген. Жалма-жан жеткен полицейлер ғимаратты шұғыл қоршауға алды. Басты көшедегі қозғалыс та уақытша тежелді. Алайда кейіннен бүкіл қаланы дүрліктірген пакетте жарылғыш зат болмай шықты. Ішінде нақты не бары да ешкімге айтылмады. Қазір оны қалдырып кеткен иесі іздестіріліп жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
08.11.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары