{metadescription}
Ақмола облысында жол жөндеушілердің кесірінен үш ауыл жолсыз қалды
Ақмола облысында жол жөндеушілердің кесірінен үш ауыл жолсыз қалды

Ақмола облысында жол жөндеушілердің кесірінен үш ауыл жолсыз қалды

Жолсызда қалған үш ауыл! Бюджеттің 15 миллиард теңгесіне салынып жатқан Бурабай-Зеренді тас жолы Златополье, Савинка, Обалы ауылдарын жолсыз қалдырды. Бұл елді мекендерде 2 мыңнан аса тұрғын бар. Бір жылдан аса уақыт жол азабын тартқан олар бұдан ары шыдамымыз таусылды деп наразылық білдірді. Себебі, ойдым-ойдым  жермен жүруден автобустар да бас тартқан. 

Бұл әбден зығырданы қайнаған Савинка ауылы тұрғындарының жанайқайы. Аудан орталығы Щучьеден небәрі 22 шақырым жерде тұрып айдалада қалғандай. Көреcіні  тас жол құрылысы басталысымен  көре бастаған. Алдағы қыраулы қысқа әзірлік жүріп жатқанда, не ауылдан шыға алмай, не сырттан жете алмай отырған жайлары бар.

Майра Қабенова, Савинка ауылының тұрғыны:

-Балам келіп машинасын 5 рет қиратты. 5-ші рет келгенде нөмірін жоғалтты. 20 мың тұрады сол нөмір.Әке-шешем де осы ауылда тұрды. Қайда барам мен ауылдан! Не қалаға бара алмаймыз,не ешқайда шыға алмаймыз. Не біздің үйге ешкім келе алмайды. Автобус жүрмейді.

-Курортты екі аймақты жалғайтын күре жол салына бастағалы 3 ауылдың жұрты әбден жол азабын тартқан. Онсыз да тірлігі таусылмайтын тұрғындар тіпті ауылдан аттап шыға алмайтын боп қалыпты. Мердігердің салып берген қосалқы жолы жол емес, сор болып тұр,-дейді ашынған олар. 

Округ орталығы Златополье жұртының айтар мұңы да осы. Мұнда жол құрылысы басталғалы такси бағасы екі есе қымбаттап 8 мың теңгеге дейін, ал көмірдің тоннасы 20 мыңға жетіпті. Бұл азаптан құтқарар деген құрылысқа жауаптылар болса, шұрық тесік жолды жамай алмайтынын айтады.

Саят Қожахметов, «Қазақдорстрой» ЖШС Щучье филиалының инженері:

- Үлкен машиналар жүреді. 40-50 тонна. Олар езіп жібереді. Оны бірден істей алмаймыз ғой.

Десе де, жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженері қосалқы жолды 1-2 күнде жөндейтіндерін айтты. Әкімдіктегілер болса, мердігер жолды реттесе, бірден автобус қатынайды деп уәде берді. Ал Бурабай мен Зерендіні қосатын  80 шақырымдық жаңа жол келер жылдың соңында тапсырылуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде