Жапон күзі Алматыға жетті
Алатау баурайында сегізінші халықаралық өнер фестивалі өтті. Тоғыз күнге жалғасқан шарада фольклор, джаз, классикалық музыканың орындаушылары тыңдарманды әуезді әуенге бөлеп, құлақ құрыштарын қандырды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
08.11.2018
Фестиваль көпшілікті Жапонияның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыруға бағытталған. Шара аясында сол елдің үздік фильмдері де тегін көрсетілді. Ал Алматыдағы консерваторияда танымал скрипкашы Саяка Седзи өнер көрсетті. Концертте отандық өнерпаздар да өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Фестиваль «Дегдар» қорының мұрындық болуымен өткізілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары