{metadescription}
Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған
Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған

Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған

Сұмдық оқиға бас қаладағы халықаралық жекеменшік мектептердің бірінде болды. Қазір бұл жайтты Білім министрлігі тексеріп жатыр.

Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Ол мұғалімде сотталмағаны туралы анықтама болған. Жұмысқа орналасар алдында қажет құжатты түгел өткізген. Ал келеңсіз оқиғаның қалай болғанын анықтап жатырмыз. Негізі, жеке мектептер де еліміздің еңбек туралы заңына бағынады. Кез-келген ұстаз сотталмағанын дәлдеуі тиіс. Бұл шетелдіктерге де қатысты.

Астанада шу шыққан халықаралық мектеп – осы. Мұнда елімізде тұрып жатқан шетелдіктердің  балалары мен жерлестеріміз білім алады. Шетелдік қарт  ұстаз дәл осы мектепте сабақ берген. Қазір ол Қазақстаннан кетіп қалыпты. Келеңсіз оқиға шәкірттер Алматыға спорттық шараға барғанда болған. Мұғалім жасөспірімдердің біріне  қол жүгірткен көрінеді. Бірақ, ешкім арызданбағандықтан полицейлер іс қозғамапты. Сөйтсе, атышулы ұстаздан АҚШ-та да жәбір көргендер көп екен. Ол сексуалдық қарым-қатынасқа итермелеген студенттер, тіпті, арнайы сайт ашып, ұстаздары туралы ақпарат салып отырған. Ондағы мәліметке сенсек, ұстаздың бұрынғы аты-жөні - Стивен Мейерс болған екен. Кейін Стивене Сворупе Джексон деп ауыстырған. Мұндай адамның еліміздегі элиталық  мектепке қалай тап болғаны түсініксіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде