{metadescription}
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Түркия азаматы елден қуылуы мүмкін
Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Түркия азаматы елден қуылуы мүмкін

Жедел жәрдем жүргізушісін сабаған Түркия азаматы елден қуылуы мүмкін

Жедел жәрдем қызметкерін сабаған Түркия азаматы Әли Демір де елден аластатылуы мүмкін. Алматылық көші-қон полициясы заң бұзған шетел азаматын Қазақстаннан қууды көздеп отыр.

Тәртіп сақшылары оны елден мәжбүрлеп шығарып жіберу туралы сотқа шағым түсіріпті. Естеріңізге салсақ, Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Николай Кучмаға 27 жастағы Әли Демір қол жұмсап, елді шулатқан еді. 61 жастағы қарттың жағасынан алған Түркия азаматы ұсталып, бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Кейін ол қателігін мойындап, кешірім де сұрады. Қорытындысында қос тарап татуласып, Әли Демір Николай Кучмаға келтірілген моральдық және материалдық шығынды өтеген еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде