{metadescription}
Алматылықтар тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы шықты
Алматылықтар тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы шықты

Алматылықтар тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы шықты

Құрылысқа қарсылық! Алматыда тұрғындар үйлеріне жапсарлас 9 қабатты кешен бой көтерсе тынысымыз тарылады деп шу шығарды. Құрылыс компаниясы кезінде ойын алаңына айналуы тиіс болған жердегі ағаштарды отап, дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен. Заң бойынша, жаңадан салынатын ғимарат жанындағы үйден 40 метр алшақ болуы тиіс. Ал әлгі құрылыс тым жақын тұр. Бұған рұқсат берген құзырлы мекемелер болса, мәселені бір-біріне сілтеп қана отыр.

Қаланың у-шуынан ада алтыншы ықшамауданда құрылыс басталады дегелі тұрғындардың дегбірі қашты. Үй артындағы талды отап тастаған жұмысшылар әне-міне кешеннің кірпішін қаламақ. Ал адамдар тоғыз қабатты кешен бой көтерсе бала қайда ойнайтынын, қауіпсіздік талабы неге сақталмайтынын түсінбей дал.

Бейсенбек Берікбаев, Алматы қаласының тұрғыны:

-10 метр жер  қалдырып отыр. Мына үйді салғаннан кейін біз жабылып қаламыз. Сейсмологтардың картасы бар. Жердің қыртысында ойық  бар. Бұл жерге көп құрылыс салуға болмайды. Мына жерге тағы да үй салса онда құлайды, ана үйде құлайды.

Тұрғындардың шуын құрылыс басындағылар шыбын шаққан құрлы көрмейтіндей. Жұмысшылардың жағасы жайлауда. Тіптен, үйдің артын қой соятын қасапханаға айналдырған сияқты.

-Қабырғасы 1977 жылы қаланған үйдің әлі күнге дейін балалар ойнайтын алаңы жоқ. Көшеге жарық та тартылмаған. Ал егерде мына аумақта тоғыз қабатты тұрғын үй кешені бой көтеретін болса, онда бөлмеге күн де түспейді.

Мердігер компания басшысы болса, мұнда құрылыс жүргізуге құзырлы мекеменің рұқсаты барын айтады. Ал қауіпсіздік талабына бас қатырмаймын дейді.

Болат Есазаров, мердігер компанияның басшысы:

-Ол нормаларды мен білуім міндет емес.  

-Сіздерге ақша берсе болды соны орындайсыздар?

-Иә.

 -Қарамайсыздар?

-Иә

Сәулет-құрылыс бақылау басқармасындағылар бұл жағдайға жауапты емеспіз деп ат-тондарын ала қашып отыр.

-Мемлекеттік сараптама бар. Солар жауап береді.

Ал, сараптама орталығындағылар керісінше сәулет-құрылыс бақылау басқармасының пәрменісіз ешқандай құрылыс басталмайтынын айтады.

-Рұқсат  беретін ГАСК. Біз тек қана жобаны қарап береміз.

Осылайша, екі мекеме бір-біріне сілтеумен жауаптан сытылуға тырысты. Тұрғындарды тұқыртқан тақырыптан бастарын ала қашса, дау да басылар деген болар. Бірақ, алтыншы ақшамаудандағы адамдар қазір тоқтап тұрған шынжыр табан трактор жұмысын бастаса, оның астына түссек те құрылысты тоқтатамыз деп тас бекінген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.