Назарбаев пен Путин Байқоңырдың келешегін талқылады
Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы туризм саласында да нығая түспек. Петропавлда бүгін өткен аталған екі елдің аймақаралық ынтымақтастық форумында президенттер осындай келісімге келді.
Автор: Роза Шәкенова
09.11.2018
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Біріншіден, тиісті туристік және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі біздің іс-қимылымызды үйлестіруді күшейту керек. Екіншіден, туристердің шекаралық бақылаудан барынша жайлы өтуіне жағдай жасау қажет. Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінің инфрақұрылымы мен олардың техникалық жабдықталуы адамдар мен көліктердің өту тығыздығына сәйкес емес.
Сондай-ақ Елбасы Байқоңыр айлағында ғарыштық туризмді дамыту мәселесі мен көші-қон және виза талаптарын жеңілдетуді ұсынды. Осы арқылы Каспий теңізінде туризмді бірлесіп дамытуға болады. Ол үшін автокөлік, темір жол және әуе қатынасын жеңілдету жоспарын екі ел үкіметі бірлесе отырып жасауы тиіс. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы елордада биыл өз жұмысын бастаған «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына ресейлік әріптестерін белсене араласуға шақырды. Бұл жағдайда туризм бизнесі де жақсара түспек. Осы мәселелерді талқылаған жиын соңында тараптар, келесі жылы форум өтер орынды белгілеп тарқасты.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
-Нұрсұлтан Әбішұлына және форумға қатысушыларға бірлескен белсенді жұмысы үшін алғыс білдіремін. Келер жылы аймақаралық форум өткізу кезегі Ресейге келіп тұр. Барлығыңызды Сібірдің Омбы қаласында жиналуға шақырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!