{metadescription}
Олжас Сүлейменовтің немересін ажал құштырған қыз 2 жылға сотталуы мүмкін
Олжас Сүлейменовтің немересін ажал құштырған қыз 2 жылға сотталуы мүмкін

Олжас Сүлейменовтің немересін ажал құштырған қыз 2 жылға сотталуы мүмкін

Астанада Олжас Сүлейменовтің жиен немересін ажал құштырған жол апатына себепкер қыз екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бүгін мемлекеттік айыптаушы полиция полковнигінің қызы Мәлика Мұхитоваға осындай жаза кесуді сұрады.

Әлішер Бараев, Мемлекеттік айыптаушы:

-Мұхитова Малика Қайратқызын ҚРҚК-нің 345-бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп тауып, екі жыл бас бостандығынан айыруды сұраймын. Жазасын жеңіл тәртіптегі колонияда өтеуі керек. Әрі үш жылға көлік жүргізу құқынан айыру қажет.

Ал, 29 жастағы айыпталушының адвокаты болса, прокурор сұраған жаза тым ауыр дейді. Айтуынша, жол апатын жасаған Мәлика Мұхитова бұған дейін мүлдем заң бұзбаған. Әрі кінәсін де бірден мойындап, жәбірленуші тарап сұраған 15 миллион теңгеге жуық шығынды өтеп беруге дайын екенін айтқан еді. Бірақ, 26 жастағы марқұм Ескендір Сүлейменовтің анасы бүгін күтпеген жерден шығынды өндіру туралы арызын қайтарып алды. Ал судья үкімді келесі аптада шығаруы тиіс. Айта кетейік, 5 ай бұрын Елорданың қақ ортасында мотоцикл мінген Ескендір Сүлейменов Hyundai көлігіне соғылған еді. Ақынның жиен немересіне жол бермей, ереже бұзған жеңіл көліктің тізгінінде Малика Мұхитова болған. Кейін оның Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының  қызы екені анықталды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде