Мектептердегі асханалар тексерушілерді шошытты
Денсаулық сақтау министрлігі мектептердегі тексерудің қорытындысын жариялады. Атқамінерлер адам ас ішуге болмайтын төрт мың асхананы анықтаған.
Автор: Жәудір Оразхан
09.11.2018
Оларға 67 миллион теңге айыппұл салған. Қара тізімге енген асханалар оқушыларға тамақты өте лас жерлерде дайындапты. Және бірінші, екінші асты сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен әзірленген. Ал аспаздары жеке гигиенадан мүлдем хабарсыз болып шыққан. Сол үшін мыңдаған кәсіпкер жауапқа тартылып, 291 адам жұмыстан қуылды. Шенеуніктер бұл мектептердегі былықтың бер жағы ғана дейді. Әлі тексерілмеген екі мыңға жуық асхана бар. Заң бойынша оларды жылына екі рет ғана тексере алады.
Алексей Цой, Денсаулық сақтау вице-министрі:
-Жылда 1905 асхана тексерусіз қалады. Өйткені, мектептердегі асханалар жеке және шағын бизнестің қатарында. Оларды кез-келген уақытта тексеруге болмайды. Заңмен тыйым салынған. Осы қолбайлау болып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!