Ақша ұрлаған астаналық экс-шенеунік 300 сағат қоғамдық жұмысқа жегілетін болды
Ұрлықшы экс-шенеунік 3 жылға бас бостандығы шектеліп, шартты жазаға кесілді. Бұрынғы спорт және туризм министрлігінің жауапты хатшысы болған Қобылан Мусин одан бөлек 300 сағат қоғамдық жұмыс істеуі керек.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.11.2018
Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған оқиға бақылау камерасына түсіп қалған еді. Экс-шенеунік таныс қыздың сөмкесінен ақша алып, қалтасына тығады. Артынша сөмкенің иесі Айсұлу Жачина 1 миллион 800 мың теңгем ұрланды деп сотқа шағымданған. Ал Мусин өзінің рұқсатымен бар-жоғы шотты жабу үшін 4 жарым мың теңге алдым деуден танбады. Бірақ судья жапа шегушіні қолдап ұрланған ақшасын толық қайтару жөнінде шешім шығарды. Енді шартты жазаға кесілген Қобыланды Мусин тұрғылықты мекен-жайын өзгертпеуі керек. Арнайы органның рұқсатынсыз жұмыс істеуге де болмайды. Ең бастысы, оған енді көңіл көтеру орындарына баруға да рұқсат жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!