Алматыдан облыс аумағына "Оңай" жүйесі орнатылған қоғамдық көліктер қатынайды
Қала әкімдігі су жаңа Газельдердің алғашында Талғар мен Қаскелеңге бағыт алатынын жеткізді.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
12.11.2018
Әзірге, жаңа жүйе бойынша «Алматыэлектротранс» мемлекеттік кәсіпорнынан 40 газель бөлінген. Кейін конкурс ұйымдастырылып, тасмылдаушы компания анықталмақ. Сайраннан Қаскелеңге, Саяхаттан Талғарға жүретін қоғамдық көліктер келесі аптадан бастап халыққа қызмет көрсетеді. Ал осыған дейін екі ортада қатынаған облыстық автопарктің Газельдері қала бермек. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін 50 автобустың алдыңғы және артқы бөлігіне «Жолақ» камераларын орнату жоспарланған. Камералар жол ережесін бұзған басқа көлік жүргізушілерін тіркейді. Алайда, қалалық жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері автобус жүргізушілерінің біліктілігі ақсап тұрғанын жеткізді. Өткен айда қоғамдық көлікті тізгіндейтін 2100 адам жол ережесі мен көлік жүргізу мәдениетіне қатысты сынақ тапсырып, әбден ұятқа қалды. 1000 жүргізуші тиісті балл жинай алмай, тесттен сүрінді. Мұндай келеңсіздіктерге жол бермес үшін отандық тасымалдаушылар ресейлік мамандармен тәжірибе алмасып жатыр.
Юсуф Хасиев, Бүкіләлемдік қоғамдық көлік қауымдасытығының мүшесі:
-Соңғы уақытта Алматы қаласы жолаушыларға жағдай жасау үшін тырысып жатыр. Автобустарды жаңартып, қызметкерлердің кәсіби біліктігін арттыруда. Бірақ ол аз. Тағы да өзгерістер қажет. Тың идеялар керек. Ірі қалалардың тәжрибесіне сүйене отырып, жұмыс істеген жөн. Біз көмектесіп, дұрыс бағыт-бағдар көрсетуге дайынбыз. Себебі, мегаполисте қоғамдық көлікпен жүретін халық та, қауіп-қатер де көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!