Kaspi жаңа қызмет түрін таныстырды
Kaspi.kz-тің жаңа қызметтерін ерекше таныстыру дәстүрге айналды. Жылына бір рет Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе қазақстандықтардың өмірін жақсартатын жаңа технологиялар туралы айтады. Бұл жолы да Kaspi көпшілік күткеннен де асып түсті.
12.11.2018
Kaspi.kz-тің жаңа қызметтерінің таныстырылымы Республика сарайында өтті. Мыңнан астам қонақ жиналған шарада барлығы соңына дейін не боларын тағатсыздана күтті. Жаңа мүмкіндіктердің саны өте көп болып шықты. Таныстырылымнан кейін біз Михаил Ломтадзеден жаңа қызметтердің негізгілері туралы сұрадық.
-Біз бүгін мобильді қосымшамыз Kaspi.kz-тің негізінде клиенттеріміздің өмірін жақсы жаққа өзгертетін бірнеше жаңа өнімді таныстырдық. Біз қосымша арқылы Kaspi QR-мен қаржы аударуға, Kaspi Голд пен ақшалай Кредит алуға, Депозит ашуға мүмкіндік береміз. Және ең бастысы келер жылдың басында біздің сүйікті клиенттерімізге мобильді қосымша көмегімен серіктес-дүкендерімізден картасыз, пос-терминалсыз, QR-код арқылы зат сатып алуға мүмкіндік беретін ерекше қызмет түрін іске қосамыз. Сондай-ақ екі жаңа қызметті іске қостық. Каспи-Бизнес - компания иелері мен жеке кәсіпкерге, шағын және орта бизнеске қаражатты ұялы телефоннан тікелей басқаруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша. Каспи Бизнес қосымшасымен бірге Каспи Бизнес төлем картасын іске қосамыз.
Көпшілікті елең еткізген тағы бір айтулы жаңалық Kaspi.kz-тің халықаралық капитал нарығына шығу жоспары болды.
-Біз үлкен мақтанышпен келесі жылы Каспи халықаралық нарыққа шығуды жоспарлағанын хабарлаймыз. Біз Лондон қор биржасында IPO жасаймыз. Бұл Қазақстанды инновацияның халықаралық картасына қосады деп үміттенеміз. Сонда біз мұндай мықты компаниялар, өнімдер мен қызметтер Қазақстанда жасалған деп мақтанышпен айта аламыз.
Kaspi.kz холдингі Kaspi Bank, Kaspi Магазин және Kaspi-дің барлық қызметтері мен өнімдерін біріктіреді. Kaspi.kz-тің халықаралық нарыққа шығу арқылы Қазақстанмен қатар басқаларды да жаңа инновациялық қызметтерімен таңқалдыру үшін мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отырғаны байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!