-34: Шығыста сабақ тоқтап жолдар дереу жабылып жатыр
Қарашадағы қаһарлы қыс. Еліміздің шығыс өңірінде үскірік аяз тұрып, әсіресе Алтай ауданында күн райы қатты құбылып тұр. Бүгін бұл аймақта ауа температурасы минус 34-ке жеткен. Тіпті, сақылдаған сарышұнақ аяздан сыртқа шығу мүмкін болмай, мектептегі барлық сыныпта сабақ тоқтатылыпты.
Автор: Мақсат Мәлік
13.11.2018
Бет қаратпайтын суықтан Көкпекті ауданындағы колледж студенттеріне де қосымша демалыс беріліпті. Ал, Риддердегі бастауыш сынып оқушылары екінші күн қатарынан үйлерінен аттап шықпаған. Аягөз және Үржар аудандарында 9-шы сыныпқа дейінгі оқушылар сабақтан босатылыпты. Әзірге Өскемен қаласындағы мектептер ғана оқу кестесіне сай жұмыс істеп тұр. Бірақ, мұнда да ауа температурасы минус 20-ға дейін төмендеген. Синоптиктер жақын аралықта аяздың беті қайтып, күн жылынатынын айтады. Алайда, облыстағы құтқару қызметі аяғынан тік тұрып, тәулік бойы кезекшілікке көшкен.
Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-Азаматтардан өтінеріміз, құтқарушылардың кеңесіне құлақ түріп, барлық хабарландарыуға бей-жай қарамаса екен. Мүмкіндігінше алыс сапарға шықпай үйлерінде отырғаны дұрыс. Бірақ, бұған мән бермей жоғалған малын іздеп далалыққа шығып кететіндер көп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!