{metadescription}
Елімізде жаңа жылдан бастап жарық пен жылу бағасы  арзандағалы жатыр 
Елімізде жаңа жылдан бастап жарық пен жылу бағасы  арзандағалы жатыр 

Елімізде жаңа жылдан бастап жарық пен жылу бағасы  арзандағалы жатыр 

Президенттің қатаң сынынан кейін коммуналдық тарифтерді бетімен жіберген шенеуніктер шетінен жазалана бастады. Ұлттық экономика вице-министрі, комитет басшысы мен аумақтық департамент жетекшілері сөгіс алып, жыл аяғында алатын ірі мемлекеттік сыйақыдан қағылды. Ал жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтер, әсіресе электр құны төмендейтін болды. Ол үшін Энергетика министрі жақын күндері бұйрық шығармақ.

Президенттің  қатаң сынынан кейін Ұлттық экономика министрлігінде жазаға тартылмаған министр Тимур Сүлейменовтің өзі ғана қалғандай. Өйткені, орынбасары Серік Жұманғариннен бастап монополияға қарсы комитет басшыларының барлығы дерлік сөгіс алған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Қабылданған тәртіптік шараларға қатысты: комитеттің аумақтық департаменттерінің он басшысына сөгіс жарияланды. Комитеттің бір аумақтық директоры атқарып отырған лауазымынан босатылды. Комитеттің 4 департаментіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Электр қуатын таратушы компаниялардың халыққа қойған бағасын ауыздықтай алмаған Маңғыстау облыстық монополияға қарсы органның басшысы жұмыстан қуылған. Бұндай қатаң шаралар қабылдаудың себебі мынау. Ел тұрғындары жылу үшін 4 миллиард, электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған 14 компанияға 12 миллиард теңге артығымен төлеп қойыпты. Енді оның бәрін халыққа қалай қайтарамыз деп бас қатырып отыр.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

-Бұл шаруа тек монополияға қарсы органның шешімі деңгейінде қалып қоймай, жұрттың бәріне түсінікті болғанын қалаймыз. Сондықтан, коммуналдық төлемдер түбіртегінің астында қаншасы қайтарылғанын жазып қоямыз. Сол ақша жалпы сомадан алынып тасталады. 

Осылай қоластындағыларын бір қамшылап алғаннан кейін министрлер жаңа жылдан бастап тариф орнатудың жаңа әдісіне көшетіндерін айтады.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясының құны қуат тарифі және электр энергиясы тарифі ретінде бөлінетін болады. Министрлік екі компоненттің қосындысы бойынша электр станциялары үшін электр энергиясына бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Яғни, Энергетика министрлігі электр қуатын өндіретін 46 станцияға шекті тариф қояды. Сөйтіп, өндірушілерден сатып алып, халыққа тарататын компанияларға бағаны арзандатып бермек.

-Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жаңа жылдан бастап жарық пен газдың бағасын төмендету үшін осы айда екі бірдей бұйрық шығарайын деп отыр. Ал әрі қарай монополияға қарсы комитеттің шаруасы. Олар электр қуатын халыққа жеткізіп беретін компаниялардың бағаны өсіріп жібермеуін қадағалау керек. Осы айтылғандар жүзеге асса, бірінші қаңтардан бастап ел тұрғындары жарық пен жылу үшін төмендетілген тарифпен төлейтін болады. Алайда оның нақты қанша болатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде