Нұрсұлтан Назарбаев: Қытайдан қысым көріп отырған жоқпыз
Қытай тарапынан бізге ешқандай қысым жасалмайды! Елордада өтіп жатқан Астана клубы отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ, елбасы АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық соғыстың дүние жүзін ірі дағдарысқа әкелуі мүмкін екенін айтып, бұл державаларды бейбіт келісімге келуге шақырды. Әлемнің экс-президенттерінен бастап кіл мықты сарапшылар бас қосқан осы жиында экономика, саясаттан бастап, лаңкестік, ядролық қарудан бас тарту, жікшілдік, этносаралық қақтығыстарға дейін қызу талқыланды.
Автор: Досжан Маратұлы
13.11.2018
Жаһандық мәселелер мен түрлі түйіткілдерді қарумен емес, дипломатиялық шолмен шешуге Қазақстан әркез мүдделі. Сондықтан пікірі бір-біріне қарама-қайшы тараптардың ортақ тоқтамға келуі үшін Астана кезекті рет қызу пікірталас ұйымдастырып отыр. Саяси салмағы ауыр тұлғалар жиналған жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен ушыққан геосаяси жағдайға ерекше назар аударды. Әсіресе, державалардың қақтығысы мен санкциялар соғысы әлемдік қауіпсіздік пен экономикаға үлкен қауіп төндіріп тұр дейді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Экономические противоречия обострились до фазы, которую многие открыто называют уже торговыми войнами. Одна из них разворачивается США и Китаем, на которые приходится 1/3 мировой экономики, 20% глобального экспорта, более 1/3 притока мировых инвестиций. Это приведет к снижению роста мировой экономики. И, как следствие, ухудшение положения - особенно в развивающихся странах.
Дағдарыс болса, жағдай әлдеқайда ушыға түсері анық. Мұны халықаралық сарапшылар да жақсы түсініп отыр. Сондықтан президент мәселені шешудің жалғыз жолы бейбіт келісімге келу дейді. Бірақ, бұл қиынға соғып отыр. Өйткені, ірі державалар арасында бір-біріне деген сенімнің болмауы барлығын тығырыққа тіреп отыр. Мәселен, Қытай елінің мақсаты әлемді жаулап алу деп түсінетіндер көп.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Я часто встречаюсь с председателем Си Цзиньпином, мы откровенно разговариваем на эти темы. Никакой мысли об экспансии, нападать на другие территории у Китая нет. Наоборот, им нужно развитие, спокойная жизнь, чтобы наладить внутри себя, наладить технологический рост в государстве и развитие.
Таяу шығыстағы қарулы қақтығыс та әлемді алаңдатып отыр.
Осы жерде Ауғанстанның экс-президенті исламның атын жамылған террористік топтарды қатты сынады. Мұсылмандарды жеккөрінішті қылу «қитұрқы саясат» жүруде деп ашына сөйледі. Оның үстіне насихатқа көзсіз сеніп, алданып жүргендер сол саяси ойындардың құрбаны болуда.
Хамид Карзай, Ауғанстанның бұрынғы президенті:
-Терроризмнің Исламға қатысы жоқ. Діннің атын жамылып жасалатын түрлі жарылыстардың артында державалардың геосаяси мүддесі жатыр. Бұл соғыста жазықсыз адамдардың қырылып жатқаны өкінішті.
Ресей мен Батыс арасындағы қақтығыс та шұғыл шешуді қажет ететін маңызды мәселе. Өйткені, санкциялар соғысынан өзге елдер де жапа шегіп отыр. Жалпы, әлемнің 30 елінен келген саяси салмағы ауыр экс-президенттер, министрлер мен тіс қаққан азулы сарапшылар тығырықтан шығудың жолдарын да ұсынды.
-Бұл ретте Қазақстанның да ұсынары бар. Мәселен,жаһанды бейбітшілікке шақырған Елбасы азиядағы 30 елдің басын біріктіретін қауіпсіздік ұйымын құру қажет дейді. Ол ОБСЕ ұйымы секілді Еуразия кеңістігінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Әрі еліміз жаһандық қақтығыстарды реттеу үшін ашық пікір талас өткізуге әрқашан дайын екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!