{metadescription}
Шымкентте  қарсы бағытқа шығып елдің есін алғандар ұсталды
Шымкентте  қарсы бағытқа шығып елдің есін алғандар ұсталды

Шымкентте қарсы бағытқа шығып елдің есін алғандар ұсталды

Шымкентте қарсы бағытпен жүріп елдің есін шығарған жүргізушілері қомақты айыппұл төлеп, жүргізуші куәліктерінен де айрылатын болды. Қымбат көліктерді тізгіндеген қос жігіт екі күн бұрын қаланың орталық көшесінде қарсы бағытқа шыққанымен қоймай жылдамдықты асырғанын жұрт әлеуметтік желілерге жариялаған.

Жол талғамайтын Лексус көлігі мен Крайслердің қожайындары арада тәулік өткен соң ұсталды. Алайда, жұрт талап еткен кешірімді сұраған жоқ. Өз жолымен келе жатқан елдің өміріне қауіп төндірген олардың бірінің машинасының тіпті мемлекеттік нөмірі де жоқ екен. Сол үшін Крайслер айыптұрағына тоғытылды. Ал, 27 және 25 жастағы жүргізушілерге қатысты полицейлер әкімшілік Кодекстің 4 бабы бойынша іс қозғады. Мұндай есерсоқтыққа не түрткі болғанын олар түсіндіре алмады. Белгілісі екеуі де жуырда ғана Шымкентке Алматыдан келгендер екен.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

-Олар қазіргі таңда Шымкент қаласында тұрып жатыр. Негізі машиналардың біреуі Алматы қаласында тіркелгені анықталды.  Жол патрульдік полиция полкінің қызметкерлері оларды ұстау үшін жедел шаралар қабылдап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде