{metadescription}
Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті
Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті

Көкшетауда жолаушылар автобусы жанып кетті

Көкшетауда жолаушылар тасымалдайтын  автобус түгі қалмай жанып кетті. Өрт шыққан сәтте іште адамдар болған. Ал қызыл жалынды оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер әрең ауыздықтады.

Қала ішінде қатынайтын №7 автобуста кешкі сағат жетілер шамасында аялдамалардың бірінде от тұтанып, ол лезде күш алған. Қайта іште болған он жолаушы мен жүргізуші сыртқа шығып үлгеріпті. Болжамдарға қарағанда, өртке электр сымдарының тұйықталуы себеп. Осыған ұқсас оқиға Павлодарда да тіркелді. Онда Павлодарское ауылына қатынайтын автобус жүріп келе жатып тұтанған. Жүргізуші өртті өз күшімен өшірмек болғанымен, күш алған жалын бой бермепті. Ал іштегі 10 шақты жолаушы қоғамдық көліктің есігі ашыла салысымен сыртқа шыққан. Шошып қалғандары болмаса, олар дін аман. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр.

Шыңғыс Дәуітбеков, Павлодар қаласы №35 өрт сөндіру бөлімінің басшысы;

– Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Оның тұтануына көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі сымдардың тұйықталуы себеп болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде