{metadescription}
Теміртауда баланы буындырған тәрбиеші қоғамдық жұмысқа жегіледі
Теміртауда баланы буындырған тәрбиеші қоғамдық жұмысқа жегіледі

Теміртауда баланы буындырған тәрбиеші қоғамдық жұмысқа жегіледі

Қарағандыда сәбиді тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты.  Прокурор бала тәрбиесіне немқұрайлы қарады деген бап бойынша ең ауыр жазаны сұраған. Онысы қоғамдық жұмыстарға жегу мен айыппұл салу екен. Дегенмен судья сотталушының бұрын істі болмағанын және материалдық жағдайын ескеріп, оны 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегуді кесті. Және де баланың ата анасына морладық өтемақы ретінде 200 мың теңге төлеуі тиіс. Дегенмен бүлдіршіннің ата-анасы жазамен келіспейді. 

Тәрбиешінің сорақы жағдайы тамыз айының аяғында ғаламторға тараған бейнероликтен кейін белгілі болған. Негізі қылмыс мамыр айында жасалғаны анықталды. Тергеу 2 айда аяқталса, сот шешімі тіпті екі-ақ отырыстан кейін ақ шығарылды. Бұған Үміт Пірмаханованың қылмысын толық мойындауы себеп болды. Ол  соңғы сөзінде істегеніне қатты өкініп, баланың жақындарына кешірім де сұрады.

Үміт Пірмаханова сотталушы:

-Мен істеген ісім үшін кешірім сұраймын. Бала тыным таппағасын ұйықтатар кезде иығынан басып ұстағаным рас. Шалыс қадам басқанымды мойындаймын. Бірақ жаман ойым болған жоқ. Менікі тек баланы тыныштандыру еді.

Үміт Пірмаханованың шалыс басқан тұсы түсірілген мына бейнежазбада анық көрінеді. Ол 1 жарым жастағы Нананың үстіне мініп алып, сабасына түсірмек болдым деп отыр. Алдымен көрпемен аузын тұншықтырып, кейін, өксігін баса алмай жатқан бүлдіршіннің кеудесін жаншып отыр. Ал сәбидің ата анасы сол таспаны көргеннен кейін естерін әлі жия алмай жүрміз дейді. Сотта таспаны қайта көргеннен кейін баланың анасы көз жасына тағы да ерік берді .

Анна Баркалая Нананың анасы:

-Тағы да сәл басып тұрғанда балам тұншығып өлер ме еді. Соны ойлады ма екен? Содан бері мазамыз жоқ. Сондықтан оған ең ауыр жаза тағайындауын сұраймын. Басқаларға үлгі болсын. Өйткені әрқайсыңыздың бауыр еттеріңіз балабақшада не көріп жүргенін білмейсіздер ғой. Тоқтау болсын мұндайларға.

Зардап шегушілер мен адвокаты бұл бап бойынша қоғамдық жұмыстарға жегу, 400 мың теңге айыппұл немесе 40 тәулікке қамалуын сұраған. Тіпті, сол жайтты таспаға түсірген екінші тәрбиешіні де жауапқа тартылуын талап етті. Дегенмен тергеу орындары оны куәгер ретінде қарастырғанын жеткізді. Ал Пірмаханованың ағынан жарылғанын, кешірім сұрағанын және ешқашан істі болмағанын ескердік дейді. Енді жәбірленуші тарап қайта шағымдану туралы ойланып көрмек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде