Ақтауда танымал әзілкешті өлтіргендерге үкім шықты
Көңілді тапқырлар клубы Ақтөбе құрамасының экс-капитаны Данияр Әлімбаевты өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. 32 жастағы азаматтың қазасына Сыздықов кінәлі деп танылып, 15 жылға түрмеге жабылды. Ал қасында болған екі жігіт тек «бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылып, небәрі екі жылға сотталды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
14.11.2018
23 жастағы Сыздықовтың анасы баласының ауыр жазаға кесілерін күтпесе керек, ол үкімді естіген бойда сот залында есінен танып құлады. Адам өлтіргендер түрмеге жабылуымен қатар марқұм Данияр Әлімбаевтың отбасына 3 жарым млн. теңге моральдық өтемақы беру міндеттелді. Дегенмен қаза тапқан жігіттің жақындары үкім тым жеңіл деп есептейді. Сондықтан апелляциялық шағым түсірмек. Еске салсақ, шілде айында жұмыс бабымен Ақтауға барған бұрынғы «әзілкеш» түнгі клубтардың бірінде бұзақылармен жаға жыртысып қалады. Төбелес кезінде күре тамырын пышақ тіліп, Данияр аурухаға жетіп көз жұмған. Оның артында жары мен 4 баласы қалды.
Дастанбек Әлімбаев, Д.Әлімбаевтың әкесі:
-Берген жылдары аз бұларға . Бір апелляция береміз. Жылын ұзартсын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!