Алматыда судың ақысын төлемейтіндермен күрес күшейді
«Алматы су» мекемесі ескертуді елемеген борышкерлерді кәріз жүйесі мен ауыз судан жаппай ажыратып жатыр.
14.11.2018
Су үшін қарызға белшеден батқандардың бірі Жазира Садырбаева. Өткен жылдан бері мекемеге бір тиын да төлемеген. Бүгінде берешегі қырық мыңға жуықтаған. Кешке дейін уақыт сұраған көпбалалы ана бір сағат өтпей жатып қарызынан құтылды. Ал, түрлі себеп айтып жалтарғысы келгендерді мобильді топ аяған жоқ. Үйдің шатырына шығып, қарызы бар пәтерлерді арнайы құрылғының көмегімен судан ажыратты. Жалпы Алматыда су үшін қарызы бар үйлердің саны тоғыз мыңнан асады. Олардың мекемеге берешегі 113 миллион теңге. Енді мекеме қызметкерлері қарызы екі мың теңгеден асқандардың барлығын ауыз су мен кәріз жүйесінен ажыратамыз деп отыр.
Ақбота Жылысова, «Алматы Су» МК қоғаммен байланыс жөніндегі маман:
-Біздің мақсатымыз елді судан ажырату емес қой. Алдын ала ескерту қағаздарын жібереміз. Кері байланысты құруға тырысамыз. Кейбір адамдар есігін ашпайды, ешбір байланысқа келмейді. Сондай кезде келіп өшіреміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!