{metadescription}
Ұлттық валютаның авторы теңгенің 83 есе құнсызданғанына қынжылыс білдірді
Ұлттық валютаның авторы теңгенің 83 есе құнсызданғанына қынжылыс білдірді

Ұлттық валютаның авторы теңгенің 83 есе құнсызданғанына қынжылыс білдірді

Бүгін тәуелсіздігіміздің нышаны - төл теңгеміздің жарыққа шыққан күні. 1993 жылы 15 қарашасында айналымға енген өз ақшамызға 25 жыл толды. Осы ширек ғасырда теңге өзінің кескін-келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылды.  

Қызыл империяның шекпенінен шығып, азат болған Қазақстан үшін бұл кадрлар баға жетпес байлық. 25 жыл бұрын дәл осы күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш валютасы жарық көріп, айналымға енген. Алғашқы 7-і банкнотқа тарихи тұлғаларымыз бейнеленіп, теңгенің беделін арттыра түскендей. Дегенмен, ширек ғасырда төл ақшаның кескін-келбеті сан мәрте түрленсе де, халыққа Әл-Фараби бейнеленген 1 теңге, Сүйінбайы бар 3 теңге, Құрманғазысы бар 5 теңге әлі күнге дейін ыстық.

-Бұрынғылары жақсы әрі түсінікті еді. Қазір көбі түсініксіз болып бара жатыр. 

-Дамыған мемлекеттердің барлығында өздерінің ұлы тұлғалары бейнеленген. Ал бізде қайдағы жоқ шағала, Ол дұрыс емес.

Ұлттық валюта өз тарихында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан өткерді. 1993 жылы 1 доллар 4 теңгеден астам болғанын жұрт бүгінде сағынышпен еске алады. Ал, девальвацияның халыққа сіңісті болған тұсы 1999 жыл. Сол уақытта 88 теңге деп тұрған доллар бірден 150-160 теңгеге шарықтап, екі-үш айда қайта күшіне мінген еді. Ал 2014-тің ақпан айында көк қағаздың құны 180 теңгеден асып кетті. Төл теңгенің авторы Қайролла Ғабжәлелов ақшамыздың теңіз дауылына тап болған кемедей теңселгеніне қынжылады. 

Қайролла Ғабжәлелов, теңгенің авторы:

-1993 жылдар мен бүгінгі күндегі теңге жер мен көктей. Ол кезде бір доллар 4 теңге 50 тиын болған қазір 380 теңге. Сонда 83 есе құнсызданды. Ол кезде бір карандашты тиынға алатын болсаң. Қазір ол 83 есе қымбаттады.

Бүгін ұлттық валюта күніне орай Алматыда қаржыгерлердің дәстүрлі конгресі өтті. Қаржылық-валюталық нарықтағы жылдың қорытындысы іспеттес жиында бас банкир Данияр Ақышев теңгенің табыстарын тізді.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

-Осы 25 жылда біз қаржылық жүйе қалыптастырдық. Банктер пайда болды. Қаржылық қызметтер бір ізге қойылды. Тәуекел азайып, мүмкіндіктеріміз көбейді. Қазіргі көрініс тек уақытша. Барлық әріптестерімді осы мерекемен құттықтаймын.

Теңгенің күш-қуатын көрші елдердің валютасымен салыстыруға әсте болмайтын шығар. Теңге егемендігіміздің нышаны. Егерде қаржы саясаты дұрыс жолға қойылса, ұлттық валютаның да мүмкіндігі зор болмақ. Сондықтан теңге тұрақталып, тұғырынан түспесін деп тілейік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.