{metadescription}
Еліміздің арзан жанармайы Ресейге кетіп жатыр
Еліміздің арзан жанармайы Ресейге кетіп жатыр

Еліміздің арзан жанармайы Ресейге кетіп жатыр

Еліміз Ресеймен арадағы шекараны қатаң бақылауға алуы мүмкін. Өйткені Энергетика министрі қазақстандық солярка жаппай көрші елдің нарығына кетіп жатыр дейді.

Онда жанармай бағасы 60 теңгеге қымбат. Сондықтан бизнесмендерге тоқтау болмай тұр. Дизель отынын жоғары бағаға сату үшін цистерналармен шекара асыруда. Оның үстіне жағдай бұдан да бетер ушыға түсуі мүмкін. Ал жаңа жылдан бастап Ресейде дизель отыны тағы қымбаттағалы жатыр. Жауапты шенеуніктер бұлай жалғаса берсе тапшылық болады дейді. Сондықтан тығырықтан шығудың жолын іздеген Энергетика министрі шекараны бақылауға алып, кәсіпкерлерге жанармайдың бұл түрін тасымалдауға шектеу қою керек дейді.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Әрине, бұл қиын болады. Өйткені біз Еуразия экономикалық одағының құрамындамыз. Бірақ екі елдің Үкіметі бірігіп, мәселені шешеміз деп ойлаймын. Ал осы бірінші жоспар іске аспай қалса, бағаны Ресейдікімен теңестіруден басқа амал қалмайды. Ол кезде дизель отынының литрі -250, бензиндікі 240 теңге болуы ғажап емес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде