Алматыда әбден тозығы жеткен үйлер жаппай сүрілгелі жатыр
Қаланың көркін қашырған ескі-құсқыдан тезірек құтылуға асыққан шенеуніктер 320 миллиард теңге инвестиция тауып та қойыпты. Бұл қыруар қаржыға сүрілген үйлердің орнына су жаңа баспана салынып берілетін болады.
Автор: Аруна Ортай
15.11.2018
Татьяна Золоторева:
-Үйдің жөндеу көрмегеніне 20 жылдан асты! Электр сымдары жерге түсейін деп ілініп тұр. Қабырғасы болса, опырылуға жақын. Қанша мәрте шағымдандық. «Күтіңдер, әне-міне сүріледі, жаңа үй беріледі» деді. Сол уәдемен әлі келеді.
Мәселен, салынғанына 60 жыл болған мына үйдің қабырғасы сөгіліп, төбесі тесіліп, едені шіріп жатыр. Қаланың келбеті үшін қам жеген «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы биылдан бастап осындай 948 үйді сүріп тастамақ. Ал орнына азаматтарға жаңа баспана салынатын болады. Бірақ, жоба басталмай жатып, кедергіге тап болып жатыр екен. Үйлерді сүрумен айналыстын ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, қожайындардың бірі көбірек шаршы метр сұраса, енді бірі ескі үйінің орнына Алматының элиталық тұрғын үй кешенінен пәтер талап етіп жатқан көрінеді. Сондықтан, корпорация ондай азаматтардан ақылға келуді өтініп отыр. Кері жағдайда, «мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылған» тоқал ешкінің күйін кешуі мүмкін.
Мұхит Әзірбаев, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасы:
-Көп шаршы метр бере алмаймыз. Себебі, бұның барлығы санаулы.Егер біз келісімге келмесек, ондай үйлер инвесторлардың обьемына кірмей, ондай үйлер бұзылып, жаңа үйлер салуға мүмкіндік болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!