{metadescription}
Жемқорлардың ең көбі әкімдік пен полицияда жұмыс істейді
Жемқорлардың ең көбі әкімдік пен полицияда жұмыс істейді

Жемқорлардың ең көбі әкімдік пен полицияда жұмыс істейді

Жемқорлардың ең көбі әкімдік пен полиция және салық органдарының қатарында. Тіпті, жемқорлар тізімінде халық қалап сайлаған депутаттар да жүр. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі таратқан деректер осындай.

Биылғы 10 айдың ішінде 2361 қылмыстық құқықбұзушылық анықталса, соның 73 пайызы жемқорлыққа қатысты екен. Оның басым бөлігі пара алу мен ақшаны жымқыру деректері болып отыр. Ақшаға құныққандардың көбі әкімдіктерде, ішкі істер органдарында және мемлекеттік кірістер департаменттерінде екен. Саралай келсе, жыл басынан бері 35 әкім мен олардың орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Оның біреуі облыстық, алтауы аудандық, бесеуі қалалық және 23-і ауылдық деңгейдегі тұлғалар. Олардан бөлек, жергілікті мәслихат депутаттары да жемқорлыққа белшеден батыпты.

Арман Бердалин, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры:  

-Ал енді мынау депутаттарға да тірелген біраз мәселелер бар. Соңғы үш жылмен алатын болсақ, жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке 19 мәслихат депутаты тартылған болатын. Соның ішінде 9-ы облыстық, 4-і қалалық және 6-уы аудандық мәслихат депутаттары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде