Сенатор жатақхана құрылысының неге кешігіп жатқанын айтты
Жобалық құжаттарын кеш дайындайды, инвесторлармен дұрыс жұмыс істемейді. Соның кесірінен жатақханалар құрылысы баяу жүріп жатыр. Сенатор Бақытжан Жұмағұлов университеттердің сылбыр қимылын сынға алды.
Автор: Ербол Тұрымбет
15.11.2018
Бақытжан Жұмағұлов, Сенат депутаты:
-Жұмысты тұралатып тұрған мәселелерден мыналарды айтар едім. Жергілікті әкімдер мен ректорлар жатақхана құрылысына инвестор тартуға құлықсыз. Оның үстіне, әкімдіктер де жер телімін тезірек бөліп берудің орнына, созбалаңға салады.
Студенттерді жатақханамен қамту туралы Президент алдыңғы жолдауында айтқан болатын. Соған байланысты жатақханалар құрылысын қаржылай қамтамасыз ету үшін Парламент заңнамалар қабылдап қойған. Қазіргі уақытта мың жарым орындық 4 жатақхана салынып бітті. Жоспар бойынша, 2022 жылдың аяғына дейін 75 мың адамға арналған жатақханалар салынып бітуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!