{metadescription}
Елімізде жаңа жыл қарсаңында билет бағасы қымбаттап кетті
Елімізде жаңа жыл қарсаңында билет бағасы қымбаттап кетті

Елімізде жаңа жыл қарсаңында билет бағасы қымбаттап кетті

Жаңа жыл қарсаңындағы билеттер қазірден бастап қымбаттап кеткен. Әсіресе желтоқсанның соңғы күндеріне кей кассаларда билет қалмаған. Ал "Жолаушылар тасымалы" мереке қарсаңындағы билеттерді әдеттегі бағасынан екі еседен де асырып сатып жатыр. Компания өкілдерінің айтуынша, коммерциялық теміржол бағыттарының бағасын қалай қойса да өздері біледі.

Астанада жұмыс істейтін Әлихан Амандық туған жері Ақтөбеге жыл сайын мерекелер қарсаңында барып тұрады екен. Биыл да «Жаңа жыл» мейрамына барайын деп, 45 күн бұрын желтоқсанның 29-ы күнге билет сатып алғысы келіпті. Бірақ, арзанға алам деген түбіртекке 17 мың жұмсапты.

Әлихан Амандық:

Кеше осы күнге арналған билеттер сатылымы басталды. Мен 45 күн бұрын арзан бағамен сатып алайын дегем. Бірақ, 17 мың тұрады екен. Басқа амалым жоқ, сатып алдым. Ал 21-23-і күндерін қарасам, тура сондай билет құны 9 жарым мың. Бүгін сайтынан қарап отырмын, 29-ы желтоқсан күнгі билеттер бағасы одан сайын қымбаттап барады.

«Жолаушылар тасымалы» өкілдері болса, билет бағасының құбылуы қалыпты жағдай дейді. Өздері солай істеп қойыпты. Мәселен, әлеуметтік маңызды 52 бағыты болса, одан бөлек тағы 14 коммерциялық бағыты бар. Әуелгісінің билеттері күні жақындаған сайын ары кетсе 25 пайызға қымбаттайды. Ал коммерциялық бағыттар бойынша ойына келген бағасын қояды екен.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Коммерциялық пойыздарға бағаны өзіміз қоямыз. Өйткені, бұл коммерциялық пойыз. Бұл бізден кетіп жатқан пойыздар. Бұл коммерциялық пойыздардың бағасы күні жақындаған сайын 35 пайыздан жоғары да болуы мүмкін. 50, 70 пайызға дейін асқақтап кетуі де мүмкін. Одан түскен қаражатты біз ішкі қажеттіліктерімізге жұмсаймыз.

Алайда, 45 күн бұрын сатып алынған билеттің бағасы неге 17 мың тұратыны бәрібір түсініксіз қалып тұр. Ал бүгін тура сол билет 22 мың теңгеден асып кеткен. Оның бергі жағында желтоқсанның 20-сы күнгі билет 10 мың теңгеден сәл асады. Билет бағасының бұлай беймағлұм жағдайда құбылуы теміржол кассаларына жақсы таныс. 45 күнде тұрған ештеңе жоқ, жалғыз себебі мерекеге күндері екендігін ашық айтып отыр.

Валерия Суслова, теміржол кассасының менеджері:

- Әдетте Алматы, Тараз, Шымкент секілді жұрт ең көп қатынайтын бағыттар қымбаттайды. Егер тальго болса 5-8 мың теңге аралығында, жәй пойыздар болса, 2-3 мың теңгеге бағасы өседі. Мысалы, Алматыға жүретін тальгоның билеті жәй күндері 15-17 мың теңге аралығында болса, мейрам қарсаңында 27 мыңға дейін артып кетеді.

- Кассирлердің айтуынша  жаңа жылдан кейін билет құны түседі деген бекер әңгіме. Өйткені, қаңтарда кішкене арзандағанымен, арғы жағында Наурыз келе жатыр. Ақшаға құныққандар бұл сәтті бекер жіберіп алмас үшін, ақпаннан бастап жолақыны қайта қымбаттата бастайды дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде