Мұз құрсауындағы қала
Щучье қаласында 8 бірдей көшенің тұрғындары мұз үстінде тайғанақтап жүр. Бір айдан бері үсті-үстіне ағып келіп жатқан судың бетін қайтарар жан табылар емес. Көше бойы жайылған су қора-қопсыны, тіпті жертөлені басып қалған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
16.11.2018
Щучье көшелеріне жан жақтан ағылып келіп жатқан су көк мұз болып, аяқ алып жүру қияметке айналған. Табаны тайып, мертіккендер де жетерлік. 8 бірдей көшені мұз құрсаулап, оның үстінен асып аққан су үйлерге кіре бастаған. Бау бақша да, аула да осындай күйде. Бәрінен бұрын жертөлесі суға толып, қысқы азығы тегіс қатып қалған қарттар қиналуда.
Ирина Страхова, Щучье қаласының тұрғыны:
-Үйім қопсып, құлады. Ендігі тұрып жатқан баспанам үшінде қорқам. Көлік жүре алмайды, өткенде жедел жәрдем шұңқырға түсіп кетіп, есігінен мейірбике сыртқа құлап түсті. Кім бізді құтқарады? Масқара мынау. Балаларды айтсайшы, құлап жатады сүрініп.
Тұрғындар шенеуніктерді бұл көшелерге талай шақырған. Бірақ, олардың өз ұстанымдары бар. Бүгін де жұрттың наразылығын естіп осы жерге келген қала әкімі Бекахмет Махметов, өзі су қаладан емес, даладан келіп жатыр деп дәлелдеп әлек. Әкім құжатын бұлғаңдатса, су мамандары тұрғындар көзіне шұқып тұрып дәлелдемек болған-ды. Бірақ әрекеттері сәтсіз шыққандай.
-Мамандардың телегей су тау қойнауындағы бұлақ көздерінен келген дегеніне жұрт мүлдем сенбейді. Олар ескі құбырларда жиналған су деп, дәлелдеп әлек. Өйткені осы жердің байырғы тұрғындары бұлақ суы қарашада қатып қалатын,- дейді.
Суды cарапатамадан өткіздік деген шенеуніктер, арықтар ашық болса су жайылмас еді дейді. Оның бітелуіне тұрғындарды кінәлайды. Сондықтан да, жұртқа қайла, күректерін алып сенбілікке шыққаннан өзге амал қалмай тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!