{metadescription}
Алматы облысында жұмысшылар жалақыларын ала алмай жыларман болып жүр
Алматы облысында жұмысшылар жалақыларын ала алмай жыларман болып жүр

Алматы облысында жұмысшылар жалақыларын ала алмай жыларман болып жүр

Жарты жылдан бері жалақы көрмеген! Алматы облысында қиыршық тас шығаратын зауыт жұмысшылары маңдай тер ақыларын ала алмай жүр. Себебі мекемеде басшылық жиі ауысатын көрінеді. Ал қарапайым халық қожайындарын таппай, кімге шағымданарын білмейді. Қазір кәсіпорынның жұмысы мүлдем тоқтап, қаңырап бос тұр.

Мына қиыршық тас өндіретін зауыттың жұмысы жарты жылдан бері тоқтап тұр. Басшылары болса қызметкерлеріне жалақыларын беруге асығар емес. Адал еңбегінің өтеуін талап еткендер үмітін үзбей зауыттың алына күнде жиналатын көрінеді.

-Қиыршық тас шығаратын зауытта 40-қа жуық жұмысшы күн-түн демей еңбек еткен. Олар мынандай тастарды ұсақтап, қиыршықтарын жүк машиналарына тиеп жіберіп отырған. Үйінен жырақта жүріп, осылай бел жазбай еңбек еткендері  үшін 70 пен 120 мың теңгенің айналасында жалақы төленеді деген келісімдері бар.

Сәрсен Сыдықов, жұмысшы:

-Алдында 120 мың теңге болды, одан рейске төлейміз деп қырқып тастады. Қазір жұмыс жоқ жүрміз. Үйде бала-шаға бар,  көмір керек, тамақ керек. Жазатын жердің бәріне жаздық қой. Қазақстанда Үкімет жоқ па деп ойлаймын. Әйтпесе  сот та қарамай қойды.

Яғни жұмысшылардың көмек сұрап бармаған жері жоқ. Әкімдік, прокуратура, тіпті сотқа да арызданған.

Сергей Кочетов, жұмысшы:

-Прокуратураға да жаздық, сотқа жаздық.  Сол үшін мені жұмыстан шығарып жіберді.

Сөйтсе жұмысы тоқтап тұрған мекемеге басшы тұрақтамайтын көрінеді. Жұмысшылар соңғы 2 жылдың ішінде қанша қожайынның ауысқанын нақты білмейміз дейді. Сол себепті ондағылар жалақы мәселесін олар бір-біріне сілтеуде.

Тимур Фаранжиев, «Темір Тас» ЖШС директоры:

-Менің білуімше біз жұмысшыларға тек 1-2 айдың жалақысын төлемедік. Себебі мекемемізде қаржылай қиындықтар туып тұр. Ал бізге дейінгі жалақыны, алдынғы басшылары қарыз. Солардан талап етуі керек қой.

Компанияның қазіргі басшысының айтуынша, жұмысшыларға бұрынғы мердігер мекеме қарыз екен. Істі қараған аудандық сот екі тарап ортақ мәмілеге келсін деген шешім шығарып беріпті. Бұған көңілі толмаған жұмыскерлер апелляциялық сотқа қайта арызданбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде