{metadescription}
Семейде балабақшаның жекеге берілуіне байланысты үлкен дау шықты
Семейде балабақшаның жекеге берілуіне байланысты үлкен дау шықты

Семейде балабақшаның жекеге берілуіне байланысты үлкен дау шықты

Семейде мемлекеттік балабақашаның жеке меншікке берілгеніне ата-аналар жаппай наразылық білдірді. Олардың айтуларынша, жергілікті билік олармен еш ақылдаспай мектепке дейінгі мекемені жекенің қолына беруге шешім қабылдаған. Оның үстіне, жаңа қожайынның педогогикалық білімі де жоқ дейді.

Жұлдыз Саудабаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Бұл жерде көп нәрсені ақша шешеді. Егер ол кісі бұл салада істеген болса, біз көз жұма қарайтын едік. Бірақ  көзқарасы мүлдем басқа. Ол кісі бастағанда бизнес жоспар деді. Ақылы топ ашпақшы. Ал, бала туралы бір ауыз сөз айтпады.

Сондай-ақ, ата-аналардың айтуынша, инвнестор шығынын ақтау үшін бағаны екі есеге,яғни, 25000 мың теңгеге көтермек. Онымен қоса, таныс-тамыр төстеп, ішіндегі тәрбиешілерден сапа қалмай ма деген үрейде. Қазірдің өзінде, «Ақбота» балабақшасының ұжымы жергілікті билік шешімін өзгертпесе, толықтай жұмыстан кетуге ниет білдіріпті. Ал, білім бөлімінің мамандары балабақшаның жекеменшікке өткені дұрыс деп отыр. Өйткені, бұл бюджет қаржысын үнемдеп, балабақшаны дамытуға септігін тигізетін көрінеді. Сондықтан, инвестордың білімі емес, қаражаты маңызды екен.

Гүлнар Оразбаева, Семей қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары:

-Жеке кәсіпкердің педогогикалық білімі болуы міндетті емес. Ол жердегі балабақшаның меңгерушісі, тәрбиешісі және әдіскері өз жұмыстарын жалғастырады. Сондықтан ол кісі қаржы директоры сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде