Елімізде судьялар жаппай қызметінен кетіп жатыр
Осы кезде Қазақстан бойынша 250-ге жуық фемида қызметкері жетіспейді. Жоғарғы сот, мұны судьяларға жүктелген жұмыстың тым көптігімен байланыстырып отыр.
Автор: Досжан Маратұлы
16.11.2018
Айтуларынша, судья бір айда орта есеппен 150-ге жуық қылмыстық, әкімшілік істі қарайды. Сондықтан демалыс, мейрам күндері де жұмысқа шығатын қазылар осы ауыртпалыққа шыдамай, қызметінен кетіп жатыр екен. Ал, бос орындарды толтыру қиынға соғып тұр. Өйткені, судья болу үшін іріктеу қатал. Мәселен, биыл 100 үміткердің небары 5-еуі ғана сыннан сүрінбей өтіп, төрелік етуге рұқсат алған. Оның үстіне талап бойынша кемі 10 жыл заңгер болып жұмыс істегендер ғана судья бола алады. Енді Жоғарғы сот осы мерзімді 5 –жылға дейін азайтуды жоспарлап отыр.
Талғат Донақов, ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы:
-Судья болғысы келетін үміткерлердің көбінде қызыл дипломы болса да, қарапайым емтиханды тапсыра алмайды. Өйткені, Жоғары оқу орындарында білім деңгейі тым төмен. Сондықтан заңгерлік білім беруді толықтай реформалау керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!