Алматыда апаттан қирап қалған көліктер жұртқа көрсетілді
Көлік апатынан қаза табатындар азаймай тұр. Бүгін алматылық полицейлер жол-көлік оқиғасының құрбандарын еске алды. Біріккен Ұлттар ұйымы бекіткен шара жыл сайын қарашаның үшінші жексенбісіне тура келеді.
Автор: Мақсат Мәлік
16.11.2018
Апаттан сау тамтығы қалмаған көліктерді тиеп әкелген жол сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алу үшін түрлі қадамдарға баратынын айтады. Ал, жолдағы шырғалаңнан қаза тапқандарды еске алу кезінде 1 минуттық үнсіздік жарияланып, аспанға қара шарлар ұшырды. Артынша қираған көліктермен қаланы аралаған полицейлер осылайша жүргізушілерге ой салып, сақ болуға шақырамыз дейді. Алайда, Алматыда жол-көлік апаты азайғанымен одан ажал құшатындардың саны артқан.
Жандос Мұратәлиев, Алматы қ. Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы:
-Алматы қаласының статистикасына келсек, биыл 10 айдың ішінде 3 жарым мыңнан астам жол апаты болып, соның салдарынан 114 адам қаза тапты. Оның ішінде 10 жасөспірім балалар бар. 4 жарым мыңнан астам адам жарақат алды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!