{metadescription}
«Қазақтелеком» қызметкерлеріне табысқа жетудің жолдарын үйретіп жатыр
«Қазақтелеком» қызметкерлеріне табысқа жетудің жолдарын үйретіп жатыр

«Қазақтелеком» қызметкерлеріне табысқа жетудің жолдарын үйретіп жатыр

Табыс мәдениетіне бастар жол. «Қазақтелеком»  қызметкерлеріне жетістікке жетудің жолын үйрететін арнайы жоба ұйымдастырды. Оған тоқсаннан аса қызметкер қатысты.

«CREDO»: табыс мәдениетіне бастар жол" атты жаңа жоба мамырда басталған. Барлық зерттеулер «Қазақтелеком» филиалдарының бірі- Телекоммуникация желілерін басқару бас орталығында жүргізілді. Тоқсаннан аса қызметкер бірнеше топқа бөлініп, компанияны дамытудың жаңа мүмкіндіктерін іздейтін отыз жобамен жұмыс істеді.

Берік Битабаров, «Қазақтелеком» АҚ  қызметкерлерді басқару жөніндегі басқарушы директоры:

-«Қазақтелеком» АҚ стратегиясы Қазақстанның телекоммуникация саласында көшбасшылық ұстанымын сақтауға бағытталған. Біздің компания үшін ең маңыздысы адами капитал. Қызметкерлерімізді үнемі жетілдіріп отыру үшін түрлі шаралар өткіземіз. Ал мына жобаның нәтижесі бәрімізді қуантып отыр.

Жетістікке жету мен табысты ойлауға бағытталған жобаларын қорытындылаған жұмысшылар бүгін тың идеяларымен әріптестерін таң қалдырды. Бірінен соң бірі сахнаға шығып түйгендерімен бөлісті.

Асқар Есеркегенов , «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация желілерін басқару бас орталығының бас директоры:

-Жоба аясында өздеріне үйреншікті емес іс-әрекетті орындау есебінен қызметкерлеріміз қалыптасып қалған стереотип шеңберінен шығып , жаңаша ойлауды үйренеді. Өздерін жігерлендіре отырып компанияның дамуына үлес қосады. Бұндай шараларды келесі жылы да өзге филиалдарда өткіземіз. «Қазақтелеком» АҚ сәуірде ТОП-100 конференциясы барысында корпоративтік құндылықтардың жаңа үлгісінің таныстырылымы өткенін де еске сала кетейік. Олар - клиент, нәтиже үшін жауапкершілік, кәсіпкерлік рух, цифрлық мәдениет сынды жобалар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.