{metadescription}
Жамбылда нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттап кетті
Жамбылда нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттап кетті

Жамбылда нан бағасы бірден 10 теңгеге қымбаттап кетті

Жамбылда ас атасының құны аспандады. Нанның бағасы бір күнде 65 теңгеден 75-ке бір-ақ өсті. Елді шошытып алмас үшін әдетте  біртіндеп көтерілетін нанның ақысы күтпеген жерден неліктен шарықтап шыға келгені әзірге түсініксіз.

Қазір көп дүкен сөрелерінде ас атасының нақты бағасы көрсетілмеген. Бірақ бір бөлке бұрынғыдан 10 теңгеге артық сатылуда. Саудагерлер бүгін нан күндегіден қымбатырақ жеткізілгенін айтып отыр. Ал оның себебін түсіндіріп беретін бірде-бір нәубайхана қожайындарымен тілдесу мүмкін болмады. Бұл жаңалықты бұқарамен қатар шенеуніктер де күтпесе керек. Өйткені нан бағасының неліктен өскенін өздері де білмей жатыр. Бүгін соны анықтау үшін облыс әкімдігінде кешке тақау наубайхана қожайындарының қаттысуымен шұғыл жиын өтті. Бірақ оның қорытындысы ертең жарияланады. Ал өңірде наның құны соңғы рет екі жыл бұрын көтерілгенін айта кетейік. Бұл жолғы шарықтауға да тұрғындар наразы.

Мейізкүл Жұмалова, Тараз қаласының тұрғыны:

-Бала-шағасы көптерге қымбат қой. Аз адамға білінбейді. Біз екі-ақ адамбыз, бізге бір нан екі-үш күнге жетеді. Дұрыс емес әрине, алдын-ала айтылса болады ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.