{metadescription}
Шымкентте прокуратура қызметкері әйелін қызғаныштан өлтірген
Шымкентте прокуратура қызметкері әйелін қызғаныштан өлтірген

Шымкентте прокуратура қызметкері әйелін қызғаныштан өлтірген

Шымкентте әйелін өлтірген прокуратура қызметкері 11 жылға бас бостандығынан айрылды. 41 жастағы заң қызметкері 3 жыл отасқан әйелін биыл мамыр айында көптің көзінше өлтірген болатын. Экс-әріптесіне айып таққан прокурор әу баста 15 жыл сұраған.

Ал, қайғылы оқиғаға сотталған азаматтың әйелін үнемі қызғанатыны себеп болыпты. Мамыр айында әйелінің жұмыс орыны, университетке гүл шоқтарымен келсе де жұбайымен әңгімесі жараспай, көптің көзінше кезекті мәрте жанжалдасып қалған. Ашуға булыққан Түркістан прокурорының бұрынғы көмекшісі, қалтасынан пышақ алып, зайыбына бірнеше рет тығып алыпты. Марқұмның артында 3 бала қалды. Соттың айтуынша экс-прокурордың өз ісіне өкінгендігі сондай, тергеу кезінде ол өзіне бірнеше мәрте қол да салмақ болыпты.

Әбинұр Қарабаев, судья:     

-Тергеу изоляторында алғашқы кезде өзін өлтірмекші де болған екен. Өзінің сөзінше марқұм әйел мен сотталушының бұл екінші некесі. Сондықтан, соталушы өз әйелін үнемі қызғанып жүрген екен. Кезекті ұрыс кезінде әйеліне 5 мәрте пышақ сұққан. Өкпесі мен жүрегіне тиген жарақаттан  әйел сол жерде өлген. Өзі бұрыңғы заң қызметкері болған соң кінәсін бірден мойындап, тергеуге көмектесті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде