{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестік топ құрған екі жігіт жарылғыш зат  жасауды үйренген
Ақтөбеде лаңкестік топ құрған екі жігіт жарылғыш зат  жасауды үйренген

Ақтөбеде лаңкестік топ құрған екі жігіт жарылғыш зат  жасауды үйренген

Ақтөбеде лаңкестік топ құрып, радикалды діни ағымның жетегінде кеткен екі тұрғын ұсталды.

Олар терроризмді насихаттап, ел ішінде ылаң салуды көздеген көрінеді. Қос күдіктінің үйін тінту кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары қолдан жасалған жарылғыш зат бөлекшерін тауып алған. Сондай-ақ, суық қарумен сайланып, оқ-дәріні үйіп алыпты. Әскери ұрыс қимылдарын үйрену үшін арнайы оқулықтың көмегіне жүгінген. Қалай жарылғыш затты пайдалану, қару қолдану туралы сол нұсқаулықпен машықтанған. Қазір екеуі де абақтыда қамауда отыр.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

-Терроризимді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру қылмысын жасаған деп күдіктілер ретінде танылған Жұбатов пен Әлиевке қатысты 15-желтоқсанына дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде