Алматыдағы №1 тергеу изоляторы жұмысын тоқтатты
Қалалық прокуратура өкілдері қылмыстық атқару жүйесіндегі заңдылықты арттыру мақсатында тексеру жүргізіп, соңында осындай шешім қабылдаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.11.2018
Роллан Яғмұсов, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі:
-Тергеу изоляторы қала орталығында орналасқандықтан қасындағы тұрғындарға ыңғайсыздық тудырған. Ондағы тергеу-қамауға алынған азаматтар қазіргі уақытта ЛА-155/18 мекемеге ауыстырылды. Ол қаланың шет жағында орналасқан.
Сейфуллин көшесінің бойындағы заң талаптары сақталмаған ғимарат өткен ғасырдың 30-шы жылдары тұрғызылған. Сондықтан өрт қауіпсіздігіне сай келмейтін тергеу қапасында санитарлық талаптар бұзылған дейді прокурорлар. Әрі жер сілкінісіне төтеп беретін қауқары болмаған. Бірақ, тергеу изоляторының алдағы күйі не болатыны әзірге белгісіз. Ал, прокурорлар қаланың шетіндегі жаңа нысанда көптеген жұмыстар атқарылғанын айтады. Мәселен, күдіктілер мен туыстарының оңаша кездесетін кабинеттердің саны артып, 5-тен 18-ге дейін жетіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!