Астанада Сирия келіссөздеріне АҚШ қатысудан бас тартты
Астанада Сирия келіссөздерінің 11-ші кезеңі өтеді. Саяси отырыс осы айдың 28-29-ы күндеріне жоспарланып отыр. Сирия мәселелері бойынша өтетін Астана процесіне кепіл мемлекеттер Ресей, Иран және Түркия осындай шешімге келген. Оған Иордания мен Біріккен ұлттар ұйымы бақылаушы ретінде шақырылған. Ал АҚШ бұл жиынға қатысудан бас тартыпты. Бұның себебін еліміздің бас дипломаты түсіндірді.
Автор: Ербол Тұрымбет
19.11.2018
Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
-АҚШ бүгінде ДАИШ лаңкестік ұйымымен күресуге баса назар аударып отыр. Ал лаңкестік ұйымдар мәселесі Астана келіссөздерінің күн тәртібіне кірмейді. Астана процесінде билік пен оппозиция арасындағы бейбіт келісімдер орнату мәселесі қаралады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!