Ақтөбеде жұмбақ жағдайда жоғалған кәсіпкер әлі табылар емес
Ақтөбелік құтқарушылар он күн бұрын жоғалып кеткен кәсіпкерді іздеуді тоқтатты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Кенжебай Алдашовтың соңғы рет ұялы телефон арқылы байланысқа шыққан маңды бірнеше рет тексерген. Бірақ еш нәтиже бермеді.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.11.2018
Іздеуді тек еріктілер мен тәртіп сақшылары жалғастырып жатыр. Осы күнге дейін кәсіпкерді көрдім-білдім деген жан жоқ. Кенжебай Алдашов осыдан тура он күн бұрын шаруа қожалығынан шығып, Ақшат ауылындағы дүкенге соғады. Сол күні таңғы бестер шамасында құтқарушыларға хабарласып, балшыққа батып, тал қарманып, әрең тұрғанын айтады. Кейін құтқарушылар сол Ақшат пен Ақжар ауылдарының маңын толық сүзіп шықты. Енді туыстары іс-түссіз жоғалған Алдашовқа қатысты кез-келген ақпаратқа сыйақы тағайындарын айтады. Онымен қоса тікұшақпен тексерсе деген тілектері бар. Бірақ әуе көлігін жалға алуға қомақты қаражат керек екен.
Ғалия Алдашова, К.Алдашовтың жұбайы:
- Сыйақымыз бар. Ең болмаса, денесі табылса екен, балаларының алдында ақтап, арулап қойғымыз келеді. Мен бірақ үмітімді үзбеймін, жамандыққа қимаймыз. Ол кісі былай ұзақ кетпейтін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!