«Астарлы ақиқат»: Сұмдық пен шындықты жайып салмақ
КТК арнасында жаңа ток-шоу тұсауын кеседі. Осыған дейін көрермен көзаймына айналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді жаңа форматпен шықпақ. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.11.2018
Камера, мотор! Басталды. Бұл «Астарлы ақиқат» бұрынғы бағдарламадан өзгерек. Мұң мен шағым, зәбір мен қорлық көргендердің әділдік іздеп келетін жері осы студия. Әрине, кейіпкерлердің бәрі еріккеннен емес, ешкім елемегеннен ел алдына шығып, бар мәселесін қиналса да жайып салады.
Дана Тұрсынқұлова:
-Олар менің қасымда өмір сүрген жоқ. Мен өмір сүргем. Мен көргем бәрін. Ешкімнің маған ақылы.. өз ақылдары өздеріне. Өзім шешем не болса да.
Шындық та, талай сұмдықта осында айтылады. Тек айтылып қоймай оның шешімі де табылады. Ол үшін тақырыпқа қатысты сарапшылар шақырылады. Тіптен, студиядағы кейіпкерлерді сөйлегеніне, қимылына қарай шын,өтірік айтып отырғанын дөп басатын мамандар да бар.
Айгүл Алтай, психолог:
-Қысылып, басын төмен қайта-қайта отыра берді. Көзін жапалақтауы қайта қайта, жоғары төмен қарауы ол сенімсіздіктің белгісі. Өзі еркін отыра алмайды. Ойын жинақтай алмай отыр. Сенімсіздіктің белгісі.
Бұқара басында қордаланған мәселенің астарына үңіліп, ақиқатын ақтаратын бағдарлама 25 ші қарашадан бастап көрерменге жол тартады. Әр аптаның жексенбісі күні сағат 19.00 эфирге шығады. Ақиқатқа бірге жетейік!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!