{metadescription}
Семейді көктемгі тасқын биыл да шырғалаңға салуы мүмкін
Семейді көктемгі тасқын биыл да шырғалаңға салуы мүмкін

Семейді көктемгі тасқын биыл да шырғалаңға салуы мүмкін

Шаһар шетіндегі Авиаторов қалашығының тұрғындары, осылай деп наразылық білдірді. Баспаналары ойлы жерде орналасқан жұрт жергілікті биліктің салақтығына қайран қалуда. Олардың айтуынша, қала билігі су ағатын арықтың үстіне жол төсеп оны биіктетіп тастаған. Енді соның салдарынан жұрт жазда жаңбыр, көктемде қар  суының астында қалатын болған.

Көктемде ойлы жерге сай-саладан ағып келетін қар суы жұрттың үрейін ұшырып отыр. Себебі, Жарқын ауылына қатынайтын күрежолды биіктетуге төгілген қиыршық тас, су ағатын тоғанды бітеп тастаған. Енді, тұрғындар екі жылдан бері қызылсудың құрсауынан шыға алмай келеді. Ал, былтырғы жылы мұндағы үш көше су астында қалғанда, жергілікті билік жұртқа ескі тоғандарын қалыпқа келтіруге уәдені үйіп төккен екен. Әйтсе де, баяғы жартас сол жартас.

Серікқали Жанұзақов, Авиаторов қалашығының тұрғыны:

-Істеген кісілер арыққа көңіл бөлмеді. Бәрін жауып тастады. Арықты қайтадан қалпына келтіру керек. Сонда су бері қарай емес, жолдың жиегімен кету керек болатын.

-Кезінде еріген қар сулары, осы жасанды тоғанға жиналған. Ал, Шұңқыр толған сәтте, оны сусорғыш насостың көмегімен тазалап тұрыпты. Енді, бұған келетін арықтардың көзі бітелгендіктен, тұрғындар судың ағатын жері қалмады деп дабыл қағуда.

Бұл жерде кеңестік кезеңде арнайы сусорғыш құрылғы орнатылған мекеме болған. Алайда, кейін жергілікті билік оны ұстап қала алмай талан-таражға түсіпті. Тіпті, су жүру үшін орнатылған темір құбырлар да  ұстағанның қолында кеткен.

Алтынбек Қизатов, Авиаторов қалашығының тұрғыны:

-Меңғалиев деген кісіге ешкімнің тісі батпады. Учаскелік полицейді де  шақырдық. Ол да келді. Көрді де меншігі екен деді. Ол меншікте емес төтенше жағдай комтетінің иқарамағында болуы керек қой. Олар әкімшілікке сілтейді, ал ондағылар комитетке жібереді.

Осылайша, талай табалдырық тоздырған жұрт өздеріне қол ұшын созатын шенеунік таппай қалған. Ал, жергілікті билік алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр.

Роллан Кемербаев, Семей қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

-Алдағы уақытта, су жүретін  арықтар қыс бойы қадағалауда болады. Және қажет болса тазартып отырамыз.

Сондықтан, әкімдік биыл тұрғындар су астында қалмайды деп уәдені үйіп-төгуде. Олар алдағы уақытта арнайы коммисия жасақтап, тоғандардың қауқарына тексеріс жүргізуге шешім шығарған. Осылайша, жаздыгүні арқасын кеңге салғандар, қыстың көзі қырауда жұрт айтқан ескі арықты қалыпқа келтірмек ниетте. Ал, бұл құрғақ уәдеге жұрт сенбейді.                                   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.