Полицейлер жаңа формаларын көрсетті
Сақшылардың қызметтік киімінің соңғы үлгісін, матасының сапасын президенттің өзі тексерді. Ішкі істер министрі жаңа формаларды киген полицейлерді Ақордаға ертіп барған.
Автор: Жәудір Оразхан
20.11.2018
Қызметтік киімдерін Елбасына Қалмұханбет Қасымов таныстырды. Сонымен, сақшылар формасының түсі өзгерген. Қара, қара-көкті таңдапты. Және «полиция» сөзі латын әріпімен жазылған. Жылдың барлық мезіліне арналған сырт киім, бас киімдер бар. Және жаңа формалардың үлгісін отандық дизайнерлер жасапты. Оған қажет қаржы жалпы ішкі істер саласын реформалауға деп бюджеттен бөлінген 326 миллиард теңгеден алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!