{metadescription}
Таразда нан бағасы қайта баз қалпына түсті
Таразда нан бағасы қайта баз қалпына түсті

Таразда нан бағасы қайта баз қалпына түсті

Бүгін әлеуметтік нан бұрынғыша 65 теңгеден сатылып жатыр. Нан құнының құбылуына Тараздағы ірі екі наубайхана себепші болғаны анықталды.

Яғни, қожайындары ұн бағасының 65 теңгеден 85-ке өсуін желеу етіп, өздері  қолдан қымбатшылық жасаған. Тіпті олар атқамінерлердің қарсылығына қарамастан осындай қадамға барғандары белгілі болды. Енді нанның құнын бірден 10 теңгеге арттыруға негіз болды ма, жоқ па, сол жағы зерделеніп жатыр. Бір апта ішінде осы наубайханашылар өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын көрсетулері тиіс. Егер өндірушілер өз әрекеттерін дәләлдеп бере алмаса, шара қолданылады. Ал, нан бағасы әзірге өзгеріссіз қала бермек. Бірақ қалай болғанда түбі аз-маз көтерілетін түрі бар.

Берік Нығмашев, Жамбыл облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бастапқы сараптама бойынша бағаны екі теңгеге көтеруге мүмкіндік бар. Өйткені ұн бағасының әсеріне байланысты. Бірақ оның нақтысын айта алмаймыз, оған мониторинг жүргізілуі керек. Олардың есептерін қарауымыз керек. 75-ке бармайды, өйткені олар оны дәлелдеп бере алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.