Назарбаев Ақордаға Ақышевті шақыртты
Қаржы нарығындағы тұрақсыздық инфляцияға кері әсер етуі мүмкін! Бүгін Ақордада президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп берген Ұлттық банк төрағасы теңге мен инфляция туралы көбірек айтты.
Автор: Досжан Маратұлы
20.11.2018
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
-Қазан айынан бері инфляция деңгейі 5,3 пайыз. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ, тауар бағасының өсуі, көрші елдердегі экономикалық ахуал мұның бәрі инфляцияға әсер етпей қоймайды.
Бірақ, Ақышев инфляция деңгейін жыл соңына дейін 5-7 пайыздың арасында ұстауға тырысатынын айтты. Сонымен қатар, қаржы нарығын тұрақтандыру, теңге бағамын құлдыратпай ұстап тұру тұрғысында атқарып жатқан жұмыстары жайлы баяндады. Ал, Елбасы Ақышевқа банк секторын үнемі бақылауда ұстауға тапсырма берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!