Жаңаөзендегі үйдің жарылуына газ құбырындағы ақау себеп болған
Қазір оның неден бүлінгенін арнайы комиссия анықтап жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.11.2018
Белгілі болғандай жер астымен өткен газ құбырындағы ақау су құбырымен қиысқан тұста пайда болған. Ал су «Рахат-2» ауданына 7 жыл бұрын әкімдіктің тапсырысымен тартылыпты. Бірақ сол кезде газ қызметінің мамандары құбырларды бір-біріне тақап жүргізуге рұқсат бермеген екен. Бірақ соған қарамастан жоба жүзеге асып, шенділер оны қабылдап алған. Енді бармақ бастылық, көз қыстылыққа жол берілді ме, сол жағы тексеріліп жатыр. Еске салсақ, Жаңаөзендегі жеке үйдің бірінде 4 күн бұрын жойқын жарылыс болып, бір отбасыдан үш адам зардап шеккен еді. Әсіресе 59 жастағы әйел мен оның 29 жастағы баласының денесін қатты күйік шалған. Қазір екеуінің де хәлі ауыр. Ал ертең науқас әйел санавияциямен Ақтауға жеткізілмекші.
Әділбек Дауылбаев, Жаңаөзен қаласының әкімі:
-Шешім қабылдаймыз. Егер де осыған тиісті жауаптыладың барлығы да сол қорытындыдан кейін міндетті түрде қаралатын болады. Соған байланысты қазір қылмыстық іс қозғалды, тиісті құзырлы орындар айналысып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!