{metadescription}
Қарағанды облысында асыл тұқымды мал сатып алған кәсіпкерлер мол шығынға батқалы тұр
Қарағанды облысында асыл тұқымды мал сатып алған кәсіпкерлер мол шығынға батқалы тұр

Қарағанды облысында асыл тұқымды мал сатып алған кәсіпкерлер мол шығынға батқалы тұр

Қарағанды облысындағы екі шаруа қожалығының несиеге алған 60 миллион теңгесі желге ұшайын деп тұр. Өйткені олардың Ресейден сатып әкелген асыл тұқымды сиырларын ветеринарлар қабылдаудан бас тартқан.  Ал шаруалардың қолында ресейлік мамандар мен Ауыл шаруашылығы министрлігі берген анықтамалары бар. Онда асыл тұқымды малдың бәрі дерттен таза деп кепілдік берілген. Алайда ветеринарлық инспекция Ресейдегі мал ауруы тіркелген жерден алынған сиырларды жайылымға жібермейміз деп отыр.

Мына көліктерге тиелген 90 құнажын бірнеше тәулік бойы Ресейдің Челябі облысынан жол жүріп келді. Бұларды екі шаруа қожалығының жетекшілері, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 60 миллион теңге несиеге сатып алған. Алайда, құнажындар кең қораға кірмек түгілі, көліктен түсірілмейтін түрі бар. 

Қайыржан Қадырберлин, шаруа қожалығының жетекшісі:

-Ресейдің рұқсат деген төңірегінің барлығын араладық. Мал жоқ. Оның үстіне алған несиелеріңді үш айдың шінде пайдаланбасаңдар, алған несиелеріңінен 25 пайыз айыппұл саламыз дейді. Мен бүкіл дүниемді кепілге қойып мал басын асылдандырам деп 35 миллионға несие алған едім.

Ал өз елімізде асыл тұқымды малды саудалайтын операторлар бағаны шарықтатып жіберген. Оның үстіне әр басқа мемлекет беретін 250 мың теңге көлеміндегі субсидияны да солар қағып алады екен. Сондықтан мал іздеп шетелге қаңғып кеттік дейді шаруалар.  Дегенмен еліміздің ветеринарлары біздің талапты бұзуға жол бермейміз дегеннен танбай отыр.

Марат Мұхтаров,  Қарағанды облыстық ветеринарлық инспекциясының жетекшісі:

-Біз мамандар біріншіден аса қауіпті аурулардың таралмауын алға қоямыз. Егерде таралатын жағдай болса малдың кесірінен иесі әкімшілік шара қолданамыз. Сонымен қатар қылмыстық кодекстің 327 бабын қолданамыз. Малдың иесіне нұсқама берілді, ол 3-5 күн аралығында алып кетем дегендей сөз беріп отыр.  

Мамандар Ресейдің 50 жеріне ғана мал сатып алуға рұқсат бар. Челябі облысы нодулярлы дерматит пен аусылға байланысты қара тізімге енген екен. Сондықтан Ресей тарапы берген бір жапырақ қағазға сеніп, тұтас өңірді қатерге тіге алмаймыз дейді.

-Ресейден әкелінген малдың бір де бірі, еш ауруға қарсы егілмеген. Халықаралық талаптар солай екен. Шығынға шаш етектен батқалы тұрған шарулар енді ұрыспай беріспек емес. Олар сотқа арызданып, келген малды тексеруді талап етпек. Қандай да бір дерт белгілері анықталса ғана, малдың көзін құртамыз деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде