{metadescription}
«Ақтөбе» футбол клубын сатып алған Смақовқа бюджеттен де ақша бөлінеді   
«Ақтөбе» футбол клубын сатып алған Смақовқа бюджеттен де ақша бөлінеді   

«Ақтөбе» футбол клубын сатып алған Смақовқа бюджеттен де ақша бөлінеді   

«Ақтөбе» футбол клубын Самат Смақов сатып алды. Бірақ ол жеті жыл бойына клубқа толық иелік ете алмайды. Бұрынғысынша облыстық әкімдіктің бақылауында болады.

Бәс саудаға Смақовтан өзге ешкім қатыспаған. 15 миллион теңгені алғашқы жарнаға төлеп, сенімгерлік басқаруға алды. Ал 108 миллион теңгенің қалған бөлігін жеті жыл ішінде өтеуі тиіс. Оған қоса осы күнге дейін жиналып қалған қарызды да бас директор өз мойнына алып отыр. Әсіресе, легионерлерге берешегі шаш етектен. Дегенмен, клуб жекеге өткенімен қазынаның ақшасынан құр қалмайды. Келер жылдың өзіне бюджеттен екі миллиардттай ақша қарастырылыпты. Енді Самат Смақов қарамағындағы қызметкерлерінің 70 пайызының қызмет орнын сақтап қалуға міндетті. Сонымен қатар балалардың футбол орталықтарын дамытуды мойнына алған. Егер бұл жауапкершіліктен қашқақтайтын болса, клубты әкімдік кері қайтарып алады.

Самат Смақов, «Ақтөбе» ФК бас директоры:

-Үшінші рет бәс саудада ешкім сатып алмаса клубты билік таратып жіберер еді. Сондықтан жақындарыммен, таныстарыммен кеңесіп, өзім сатып алуды жөн көрдім. Бұл клуб мен үшін қымбат. Кейбір білгіштер клубты жауып, жаңадан ашу керек еді деп жатыр. Бірақ қаншама жылдық тарихты қалай жоқ қылуға болады? Оған дәтім бармады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде