Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі салынған шабадан
Семейдегі Абай мұражайы құнды жәдігермен толықты. Қарауыл ауылының тұрғыны Айдар Доланбеков Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі салынған чемоданды мұражай қорына тапсырды.
Автор: Ұлан Нұраxмет
21.11.2018
Шабадан 1952 жылы жасалып шыққан екен. Ұзындығы 72, ені 46 см. Бұл зат Қарауыл ауылының тұрғыны Кенжетілеу Доланбековке тиесілі. Ал 1931 жылы жендеттер Шәкәрімді атып өлтіріп, денесін құдыққа тастаған кезде жазалаушылардан аман қалған ұлы Ахат әкесінің сүйегін 1961 жылы шығарып алған. Сөйтіп, осы шабаданға салып Жидебайға әкеліп жерлеген. Содан бері құнды жәдігер Доланбековтер әулетінде сақталып келіпті. Енді Ұлы Абайдың немере інісінің сүйегі тасымалданған тарихи шабаданды мұражайдан көруге болады.
Қуат Қиықбай, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық- мұражайының аға ғылыми қызметкері:
-Келуші қонақтар үшін шамадан Шәкәрім залында тұратын болады. Біз қысқаша қазақ, орыс және ағылшын тілінде аннотациясын беретін боламыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!