Алматы облысындағы жол апаты екі адамның өмірін жалмады
Оқыс жағдайдан зардап шеккен тағы бір кісі ауруханаға түскен. Оның хәлі өте ауыр.
Автор: Әсем Лесбек
21.11.2018
Жол апаты бүгін таңертеңгі сағат 8-дер шамасында Алматы-Жетіген тас жолы аралығында болған. «Шевроле АВЕО» көлігінің жүргізушісі белгісіз себептермен рульге ие бола алмай қалып, ағашқа соғылған. Көліктің қатты ұрылғаны сонша, қақ ортасынан бөлінген дейді сақшылар. Ал ішіндегі екі жолаушы жігіт жедел жәрдем келмей жатып, көз жұмды. 27 жастағы жүргізуші Руслан Жүнісов қазір ауруханада тым ауыр хәлде жатыр.
Айдар Сұлтанғазиев, Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:
- Жарақаты өте ауыр болғаннан кейін жансақтау бөліміне көтерілді. Кеуде қуысының сүйектерінің сынуы және аяқ-қолы сүйектерінің сынуы байқалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!