{metadescription}
Қарағанды мен Павлодар арасындағы тас жолда үлкен апат болды
Қарағанды мен Павлодар арасындағы тас жолда үлкен апат болды

Қарағанды мен Павлодар арасындағы тас жолда үлкен апат болды

Жолаушыларға лық толы автобус жүк көлігімен соқтығысу салдарынан 1 адам қаза тауып, 27-сі зардап шекті.

Болжам бойынша, төтенше жағдайға автобус жүргізушісі кінәлі. Ол таңертеңгілік тұманда жол бойында тоқтап тұрған жүк көлігін байқамаған. Соңғы сәтке дейін, жолдың шетінде ойысып бара жатқанын сезбей, тежегішті басып та үлгермеген сияқты. Қатты соққыдан жолаушылар көлігінің алдыңғы жағына қатты зақым келген. Автобустағы 28 жастағы жолаушы жігіт оқиға орнында көз жұмды. Ал жарақат алған 27 адамның 10- ы ауруханаға жатқызылған. Олардың арасында автобустың жүргізушісі де бар.

Айжан Иса, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Әртүрлі жарақат алған. Жамбас сүйектерін сындырған қол аяқтарын сындырған. Мұрындарына зақым келген. Үш адам ренимация бөлімшесінде жатыр. Екі науқас облыстық медициналық орталығында жатыр. Ол жаңағы жүкті әйел мен 2016 жылы туылған бала.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде